Комикс көрмесінде қарағандылықтар басқа елге саяхаттағандай әсер алады

Комикс көрмесінде қарағандылықтар басқа елге саяхаттағандай әсер алады

28.04.2025 04:34:54 187

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының залдарының бірі Бельгия Корольдігінің бұрышына айналды. Мұнда «Le Tour de Belgique en BD» көрмесі ашылды. 

Экспозиция «Франкофон көктемі – 2025» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. 

Келушілерге басқа ел мәдениетіне шомып, бірегей оқиғалар арқылы оның үш өңірінің – Брюссель, Фламанд және Валлон өңірлерінің байлығынан шабыт алу ұсынылады.

– Бұл көрмені Бельгияның Қазақстандағы елшілігі ұсынды. Абай атындағы кітапханаға келген кез-келген адам өзі үшін осы еуропалық елді аша алады. Көрменің ерекшелігі Брюссель комикстер мұражайымен бірігіп жасалғандығында. Суреттелген оқиғалар әлеміне шомып, Бельгияның түрлі қалаларының сұлулығын бағалауға мүмкіндік жасалған. Бұл шағын елде үш ресми тіл бар: нидерланд, француз және неміс тілдері. Олардың барлығы паннода бейнеленген, – деді Қарағанды француз альянсының жетекшісі Екатерина Фирсова.

Көрме 24 сәуірде ашылды және 8 мамырға дейін қолжетімді болады. Кіру тегін.

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы Бұқар жырау даңғылы, 30 мекенжайы бойынша орналасқан («Кеншілер мәдениет сарайы» аялдамасы).

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/983329?lang=kk