Зейнеткерлер мүлік салығынан босатылған ба?

Зейнеткерлер мүлік салығынан босатылған ба?

28.04.2025 05:34:24 7410

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес бөлек тұратын зейнеткерлер заңды мекен-жайы (олардың тұрғылықты мекен-жайы) бойынша тек қана зейнеткерлер тіркелген барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде босатылады. Есептеу барысында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiш мөлшері қолданылады (2024 жылғы 1 қаңтарына 1 АЕК 3 692 теңгені құрады, 1000 АЕК = 3 692 000 теңге).

2024 жыл үшін мүлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың                1 қазанында аяқталатынын еске саламыз.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1066268?lang=kk