Амир Ханның Астанаға сапары
28.04.2025 06:14:11 132
Исламабад, 2025 жылғы 25 сәуір – Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің шақыруымен Астанаға әйгілі боксшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, WBC, WBA, IBF бойынша әлем чемпионы Амир Хан келді.
Сапар барысында Амир Хан туризм және спорт министрлігінің, бокс федерациясының, сондай-ақ "Qazaq batyry" жекпе-жек Академиясының және "Invictus"премиум фитнес-клубының басшылығымен кездесті.
Кездесуінің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістанның спорт ұйымдары мен федерациялары арасында ынтымақтастық орнату туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Сонымен қатар, Амир Хан еліміздің Kazsport телеарнасында сұхбат беріп, қолда бар жоспарлар туралы айтып берді.
Сапар қорытындысы бойынша жақын арада Қазақстан мен Пәкістан арасындағы спорттық дипломатияны нығайтуға бағытталған бірқатар кездесулер мен іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/984393?lang=kk