Алматы облысында «Таза Қазақстан» аясында ауқымды іс-шаралар өтті
28.04.2025 06:23:22 561
Өңірде экологиялық бағдарлама аясында қоғамдық бірлестіктер, жастар, еріктілер, этнос өкілдері мен кәсіпкерлер белсенді түрде атсалысуда. Бүгін облыс орталығында осындай маңызды шаралардың бірі ұйымдастырылды. Эковолонтерлердің айтуынша, тек аумақтарды тазалау жеткіліксіз, сонымен бірге ашық сана, азаматтық жауапкершілік пен бірлікті нығайту қажет. Себебі болашақ ұрпаққа біз таза экологияны, таза ойды және таза ортаны қалдыруымыз керек.
Қоғам өкілдері мен кәсіпкерлердің осындай бастамаларға белсенді қатысуы үлкен үміт пен қуаныш ұялатады. Жалпы, жыл басынан бері өңірде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 150 мыңнан астам адам және 8 мыңнан астам кәсіпорын қатысып, 60 453 ағаш отырғызылды. Сонымен қатар, 539 тарихи-мәдени ескерткіш пен 1054 әлеуметтік нысанның аумағы тазартылды. Мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/984447?lang=kk