Бас консул Түркі әлемі мәдениетінің форумы мен «Жаңа Өзбекстандағы бахши өнері: заманауи зерттеулер мен перспективалары» конференциясына қатысты
28.04.2025 20:54:18 319
2025 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов пен Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі Сержан Сәрсенбаев Хиуа қаласында өтіп жатқан Түркі әлемі мәдениетінің II форумы мен "Жаңа Өзбекстандағы бахши өнері: заманауи зерттеулер мен перспективалар" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға, сондай-ақ бахши өнерінің IV Халықаралық фестивалінің ашылу салтанатына қатысты.
Конференцияға қатысушылар эпосты орындаудың бірегей дәстүрін жас ұрпаққа үйрету және оны оқытудың инновациялық әдістерін енгізу, сондай-ақ осы салада жоғары білікті кадрларды даярлауды жетілдіру мәселелерін талқылады. Шығыс мәдениеті мен фольклорын дамытудағы бахши-ақындары мен жыршылардың рөліне ерекше назар аударылды.
Өзбекстан Мәдениет министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған іс-шараларға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан және басқа мемлекеттерден (40-тан астам ел) белгілі фольклортанушы ғалымдар, бахши және мәдениет қайраткерлері қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/984498?lang=kk