Аудандық мәслихаттың жұмыс тобы тұрғын-үй инспекция бөлімінің жұмысымен танысты
28.04.2025 21:29:04 143
Аудандық мәслихаттың жұмыс тобы тұрғын-үй инспекция бөлімінің жұмысымен танысты
Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні Бөрлі аудандық мәслихаттарынан құрылған уақытша комиссия «Ақсай жылу қуат» МКК директоры Ж.Курманкулов және аудандық тұрғын үй инспекциясының басшысы А.Есбулатовпен бірге 5 ықшам аудандағы «Ақжол» пәтер иелері кооперативінің төрағасымен, 4 ықшам ауданындағы «Еңбек», «Интеграл» пәтер иелері кооперативтерімен, 10 ықшам ауданының 11 үйінің меншік иелері бірлестігі, Ақсай қаласындағы 10 шағын ауданның 24 үйіндегі «Ақ қайың» пәтер иелері кооперативінің өкілдерімен, тұрғындармен кездесті.
Кездесудің мақсаты пәтер иелері кооперативінің жұмысымен танысып, тұрғындардың өзекті мәселелерін жеткізу болатын. Кездесу барысында депутаттар жылу маусымының қалай өткендігі,өртке қарсы қауіпсіздік, су құбырлары, әр подъезде өртке қарсы құрал- саймандардың болуы сонымен қатар кооператив иелерінің тұрғындардың алдында есеп беруі қажеттігін ескертті.
Депутаттар пәтер иелері кооперативі өкілдерінің ұсыныстарын, пікірлерін тыңдап назарға алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/985275?lang=kk