Мини-футбол: Маңғыстау ҚАЖ департаменттері арасындағы жарыста қола жүлдеге ие болды
28.04.2025 21:29:22 176
2025 жылғы 21–23 сәуір аралығында Щучинск қаласында ҚАЖ Комитетінің облыстық департаменттері арасында мини-футболдан республикалық турнир өтті. Додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген 15 команда, жалпы саны 150 қызметкер бақ сынады.
Аталған турнирде Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің командасы табанды ойын көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.
Топтық кезеңде бірінші орынмен плей-оффқа шыққан команда ширек финалда Шымкент командасымен тартысты ойында жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда Ақтөбе құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнап, пенальти сериясында жолдамаға таласты. Үшінші орын үшін өткен ойында Маңғыстау құрамасы Қарағанды командасын 3:2 есебімен жеңіп, турнирдің жүлдегері атанды.
“Үздік қақпашы” номинациясы бойынша Маңғыстау облысының командасынан Мұхит Төлепов марапатталды. Оның сенімді ойыны мен алаңдағы жанқиярлығы команданың жалпы жетістігіне елеулі үлес қосты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/985206?lang=kk