«Заң мен тәртіп» құндылығы атты дөңгелек үстел
28.04.2025 21:30:12 154
28 сәуір күні Бастаушы ауылдық кітапханасында «Заң мен тәртіп» құндылығы атты дөңгелек үстел өтті. Бұл дөңгелек үстелге Абай атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушылары қатысты. «Заң мен тәртіп» өмірінде өте маңызды рөл атқарады, себебі ол жеке тұлғаның дамуына, қоғаммен үйлесімді өмір сүруіне және өзара құрметке негіз болады. «Заң мен тәртіп» құндылығы оқушылардың тек құқықтық білімін емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілік, моральдық тәртіп, әділеттілік және жалпы қоғамға құрметпен қарау сияқты маңызды қасиеттерді де дамытуға көмектеседі. Бұл олардың жеке тұлғалық дамуына, қоғамда тұрақты әрі жауапкершілікті азамат болып қалыптасуына негіз болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/985030?lang=kk