«Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал» және «Бәйге» акциялар өткізілуде
28.04.2025 21:30:24 88
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кассалық тәртіпті сақтау деңгейін арттыру және көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде мынадай акциялардың өткізілгені туралы хабарлайды:
- «Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал» акциясы барысында әрбір азамат сатып алу немесе ақылы қызмет алу арқылы ақшалай және басқа да бағалы сыйлықтардың иегері болуға мүмкіндік алады. Акция еліміздің барлық аумағында 2025 жылғы 3 сәуірден 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін өткізіледі.
- «Бәйге» жаңа акциясы. Науқан шеңберінде белгіленген кезеңде фискалдық чектердің ең көп санын тіркеген жеке тұлғалар 100 000 теңге мөлшерінде сыйақы алады. Акция бүкіл ел бойынша 2025 жылдың 1 мамырынан 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін өткізіледі.
Әр тоқсанның қорытындысы бойынша оператор фискалдық чектердің ең көп санын сканерлейтін әр өңірден бір жеңімпазды (барлығы 20 жеңімпаз — әр облыстан және Республикалық маңызы бар қаладан бір) анықтайды. Жеңімпаздарға 100 000 теңге көлемінде сыйлық төленеді.
Акция тоқсан сайын өткізілетін болады: 1 кезең: 1 мамырдан екінші тоқсанның соңына дейін; 2 кезең: үшінші тоқсанда; 3 кезең: төртінші тоқсанда. Аталған акцияларға қатысу үшін «Amian» мобильді қосымшасында тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге ақы төлегені үшін чектерді тіркеу қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/984988?lang=kk