Көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде
28.04.2025 21:30:45 165
Көктемнің жайма-шуақ күндерімен бірге ауданымызда көркейту және көгалдандыру жұмыстары қарқын алып келеді. Аудан орталығында коммуналдық мекеме қызметкерлері гүл егу жұмыстарына кірісті.
Орталық алаң мен демалыс орындарына түрлі-түсті, сәндік гүлдер отырғызылуда. Гүлдердің түр-түсі ауданымызға ерекше сән беріп, көркем бейне қалыптастырары сөзсіз. Бұл жұмыстар тұрғындарымыздың жайлылығы мен ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған.
Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Құрметті аудан тұрғындары! Туған жерімізді бірге күтіп, таза ұстауға, отырғызылған гүлдерге аса ұқыптылықпен қарауға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/984883?lang=kk