Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде болашақ мамандарға, Департамент қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне және №100 мектептің оқушыларына арналған ашық есік күні өтті
28.04.2025 21:30:59 352
2025 жылдың 25 сәуірінде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті болашақ мамандар, Департамент қызметкерлерінің отбасы мүшелері және №100 мектептің оқушылары үшін есігін айқара ашты!
"Ашық есік күні" акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа "мүлдем төзбеушілікті" қалыптастыруға арналған маңызды іс-шара өткізілді.
Алматы қаласы бойынша МКД басшысының орынбасары Мустафин Д.К. мен Адам ресурстары басқармасының басшысы Джарлыкасымова Д.М., персоналмен жұмыс бөлімінің басшысы Байдильдина М.Ж. және қызметтік тергеп-тексеру бөлімінің бас маманы А.А. Кервенбаевтың басшылығымен мемлекеттік кірістер жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу туралы ашық диалог өтті.
Жас маманнан басшылыққа дейінгі жолды өз үлгілерімен көрсеткен қызметкерлеріміздің шабыттандыратын жетістік жолдары ерекше қызығушылық тудырды.
Ашық есік күнінің соңы кеден бекетіне танымдық экскурсиямен аяқталды, онда қонақтар жұмыс процесін ішінен көрді. Әрбір қатысушы естелік сыйлыққа ие болды.
Біз мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал ететініне сенімдіміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/984739?lang=kk