1 қазан – Қарттар күні.
03.10.2026 00:33:09 181
1 қазан – Қарттар күніне орай Бастаушы ауылдық округінде «Қарты бар үйдің қазынасы бар» атты мерекелік дастархан жайылды. Аталған тағылымды шара ауылдық округ әкімшілігі мен мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өтті.
Мерекелік дастарханға округіміздің ардақты ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелері арнайы шақырылып, үлкендерге құрмет көрсетілді. Қазақ халқы ежелден қариясын төріне шығарып, ақылын тыңдап, батасын алған. «Қариясы бар елдің – қазынасы бар» деген дана сөз де үлкенге деген құрметтің биіктігін аңғартады.
Шара барысында қонақтарға ақ дастархан жайылып, ақсақалдар мен әжелерге ізгі тілектер айтылды.
Ақ жаулықты әжелер ақ баталарын беріп, ақсақалдар кейінгі ұрпаққа өнегелі әңгімелерін айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Дастархан басындағы жарасымды әңгіме, ақ тілектер мен жылы лебіздер мерекенің мәнін аша түсті.
Қарияларымыз – елдің берекесі, отбасының ұйытқысы, кейінгі ұрпаққа жол көрсететін асыл қазына. Оларға құрмет көрсету – баршамыздың парызымыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1303328?lang=ru