ХАБАРЛАНДЫРУ! 2025/2026 оқу жылына арналған Ресей Федерациясы Федералды кеден қызметiнiң Ресейлік кеден академиясына күндізгі оқу нысанына түсу үшін қабылдау өткізетіні туралы.

ХАБАРЛАНДЫРУ! 2025/2026 оқу жылына арналған Ресей Федерациясы Федералды кеден қызметiнiң Ресейлік кеден академиясына күндізгі оқу нысанына түсу үшін қабылдау өткізетіні туралы.

08.05.2025 06:11:58 88

         Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2025/2026 оқу жылына арналған Ресей Федерациясы Федералды кеден қызметiнiң Ресейлік кеден академиясына күндізгі оқу нысанына түсу үшін қабылдау өткізетіні туралы хабарлайды.

        Қабылдау күндізгі оқу нысанына «Кеден ісі», «Экономика» және «Заңгер» мамандықтарына Мәскеу облысы, Люберцы қаласында өткізіледі.        

       ТМД мемлекеттерінің қатысушы азаматтары Академияға түсетін кезде:

       - «Кеден ісі» (маман) мамандығы бойынша мынадай пәндерден: орыс тілінен, шет тілінен, қоғамтанудан және информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және шетел тілі;

       - «Заңгер» (бакалавр) дайындау бағыттары бойынша мынадай пәндерден: орыс тілінен, қоғамтанудан, тарих және және шетел тілі;

       - «Экономика» (бакалавр) дайындау бағыттары бойынша мынадай пәндерден: орыс тілі, математика, қоғамтану және шетел тілінен түсу сынақтарын тапсырады.

       Академияға оқуға түсу үшін толық көлемде оқу бағдарламасын табысты игеруі және жоғары үлгерім деңгейі болу үшін: орыс тілін жақсы білуі, математикадан жоғарғы деңгейінің болуы, шетел тілін білуі, сонымен қатар жақсы дене шынықтыру даярлығы қажетті шарттар болып табылады.

      Академияда оқу мерзімі күндізгі оқу түрінде «Кеден ісі» мамандығы бойынша – 5 жыл, «Экономика»,  «Заңгер» мамандықтары бойынша – 4 жыл.

      Қабылдау ережесі, сондай-ақ Академияға түсу сынақтары үшін бағдарламалар туралы егжей-тегжейлі ақпараттар: www.rta.customs.ru сайтына орналастырылған.

      Конкурстық іріктеуге қатысуға үміткерлер 2025 жылдың 30 мамырына дейінгі мерзімде жазбаша нысандағы өтінішті, паспорт,жеке куәлік көшірмесін (орыс тіліне аударылып, нотариальды түрде рәсімдеу), мектепті бітіргені туралы аттестаттың көшірмелерін (оқу жылы аяқталғаннан кейін), zh.zhunisbekova@kgd.gov.kz    электрондық мекенжайға жолдауы қажет.

      Кандидаттарды оқуға іріктеу кезінде басымдығы жағынан мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінің балалары болып табылады.

       Барлық сұрақтар бойынша: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11-үй мекенжайына, мына телефонға 8-717-2-70-98-06 хабарласуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/988188?lang=kk