Отбасын қолдау орталығында Алмалы ауданы әкімінің орынбасары көпбалалы аналармен кездесті
08.05.2025 13:23:21 198Кездесу барысында аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек, балалардың үйірмелер мен секцияларға қатысуы, кәсіпкер әйелдерге арналған гранттар мен жеңіл несиелер туралы мәселелер көтерілді.
Мұндай кездесулер – қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық айтып, бірлесіп шешудің тиімді жолы.
Кездесулерге Отбасын қолдау орталығының қызметкерлері белсенді қатысады.
Келесі кездесу мамыр айында өтеді.
Қатысу үшін +7 707 779 07 08 нөміріне хабарласыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/988933?lang=kk