Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына. "Keden" АЖ – ашық, тиімді және басқарылатын кеден
09.05.2025 07:23:11 44"Keden" ақпараттық жүйесін құрудың негізгі мақсаты – бұл кедендік декларациялау және әкімшілендіру процестерін жаңғырту және цифрландыру.
"Кеден" АЖ енгізу кедендік рәсімдерді жеңілдетуге, ашықтықты арттыруға, жүктерді ресімдеуді жеделдетуге және тауарлардың қозғалысын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.
Жүйеде сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушылардың декларацияларды ыңғайлы және жылдам толтыруы және кедендік ресімдеудің барлық кезеңдерін қадағалаулары үшін құралдар пайдаланылады.
Кеден органы мен СЭҚ қатысушыларының өзара іс-қимылы "Кеден" АЖ арқылы жүзеге асырылады, осылайша адами фактор алынып тасталады және тікелей өзара іс-қимыл қысқартылады.
Жаңа жүйе мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау үшін "бір терезе" қағидатын қолдайды, бұл ресімдеу процестерін айтарлықтай жеңілдетеді және жеделдетеді. Пайдаланушылар декларация бағандары бойынша шарлаумен ыңғайлы интерфейске, форматты-логикалық бақылауға, өрістерді автоматты түрде толтыруға және кірістірілген кеңестерге қол жеткізе алады.
"Кеден" АЖ-да Кедендік бақылау процестері күшейтілді, жүйе барлық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейді.
Анықтама:
2024 жылғы сәуірде ЭЖЖКД және ЭЖТД арқылы экспресс-жүктерді электрондық кедендік декларациялау мүмкіндігі іске асырылды.
2024 жылғы қыркүйекте "Қорғас ХШЫО" арқылы жеке тұлғалар өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды есепке алу модулі іске қосылды.
2024 жылғы қарашада алдын ала кедендік операциялар, транзиттік декларация, уақытша сақтау, тәуекелдерді басқару жүйесі, кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сертификаттарын тіркеу, кедендік тексеру, бейрезиденттерді тіркеу бойынша модульдерді іске қосу жүзеге асырылды.
2025 жылғы қаңтардан бастап сәуірге дейін көлік құралына арналған кедендік декларация бойынша модульдер, кедендік реттеу саласындағы 9 мемлекеттік қызмет (кедендік өкілдердің, кедендік тасымалдаушылардың, бажсыз сауда дүкендерінің, уақытша сақтау орындарының, уәкілетті экономикалық операторлардың, зияткерлік меншік объектілерінің тізілімдеріне енгізу) іске қосылды.
Сондай-ақ, 2025 жылдың сәуір айында жолаушылар кедендік декларациясы бойынша модуль іске қосылды.
Павлодар облысы бойынша МКД
кедендік әкімшілендіру басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/990131?lang=kk