Құрметті Бейімбет Майлин ауданының тұрғындары!

Құрметті Бейімбет Майлин ауданының тұрғындары!

09.05.2025 11:52:53 33

Құрметті Бейімбет Майлин ауданының тұрғындары! Қымбатты Отан қорғаушылар!

Сіздерді мемлекеттік мереке — Отан қорғаушылар күнімен

шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн — ерлік пен батырлықтың, абырой мен ар-намыстың символына айналған айтулы мереке. Ол еліміздің тыныштығы мен бірлігін нығайтуға өз еңбегімен және отаншылдығымен үлес қосып жүрген барша ер-азаматтарға деген алғыс пен құрметтің көрінісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Отан қорғаушылар күні – тек әскери қызметшілер үшін ғана емес, бүкіл халқымыз үшін маңызы зор мереке. Бұл күннің биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында тойланып жатқаны да ерекше мәнге ие.

Бүгін біз тыл еңбеккерлерімен, әскери қызметшілермен, офицерлермен, Чернобыль апаты мен Семей полигонындағы зардаптарды жоюға қатысқандармен және ел алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген азаматтарымызбен мақтанамыз. Сіздердің арқаларыңызда біз бүгінде бейбіт өмір сүріп, ұрпақ тәрбиелеп, болашаққа сеніммен қараймыз. Сіздер — жас ұрпаққа үлгі болған нағыз қаһармандарсыздар.

Сондай-ақ, өз елінің тарихына құрметпен қарап, аға буынның жолын жалғастыруға дайын жас патриоттарымызды да атап өткім келеді. Қазақстанның болашағы — сіздердің қолдарыңызда, біз сіздерге сенеміз!

Құрметті жерлестер!

Тағы да баршаңызды ел тарихындағы маңызы зор мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн бейбітшілік пен тұрақтылықтың қадірін еске салып тұрсын. Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, сарқылмас күш-қуат, рух мықтылығы және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

Аудан әкімі                                                                      Қ. Мыржақыпов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/990691?lang=kk