Салық төлеушілер үшін маңызды ақпарат. БКМ есебі СӘБЖ жаңа жүйесіне ауыстырылды
09.05.2025 12:34:26 33СӘБЖ ақпараттық жүйесіне көшу шеңберінде бақылау-касса машиналарын (БКМ) тіркеу, мәліметтерді өзгерту және есептен шығару бойынша фискалдық деректер операторларымен (ФДО) өзара іс-қимыл функциялары жаңа жүйеге ауыстырылды. Бұл функция біріктірілген салықтық ақпараттық жүйесінен (БСАЖ) шығарылып, келесі сегіз операторға қатысты тек СӘБЖ арқылы жүзеге асырылады:
«Казахтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Jusan Mobile» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Kaspi Bank» АҚ, «IT ANALYTICS» ЖШС, «Smartcontract» ЖШС, «Бухта» ЖШС.
Пилоттық жоба енгізілгеннен бастап, БКМ-ды тіркеу, өзгерістер енгізу және есептен шығару бойынша барлық әрекеттер тек СӘБЖ жүйесі арқылы жүргізіледі. Бұл ретте деректер БСАЖ жүйесімен синхрондалмайды, сондықтан салық төлеушілер тарапынан назар аударуды талап етеді.
Осыған байланысты, ФДО арқылы БКМ есептен шығарылғаннан кейін, оны БСАЖ жүйесінен есептен шығару үшін салық төлеуші БКМ тіркелген жердегі мемлекеттік кірістер басқармасына (МКБ) жүгінуі қажет.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/990784?lang=kk