Мерекелік көңіл-күймен!

Мерекелік көңіл-күймен!

09.05.2025 14:11:16 55

Мереке қарсаңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Әйелдер ұжымы атынан ер-азаматтарды Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әсем Шәкірова құттықтады.

Бұл мереке – барлық жауынгерлерінің ерліктері мен қаһармандығы үшін ерекше алғыс, Отанымызды қорғап, оның гүлденуі жолында еңбек етіп жүргендердің барлығына алғыстың белгісі.

Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмулдин шараны жақсы ұйымдастырғаны үшін ұжымның әдемі жартысына алғысын білдіріп, алдағы уақытта жұмыстарына табыс тілеп, еліміздің экономикалық қауіпсіздігін күзететін абыроймен атқара беруіне тілектестік білдірді.

Шара мерекелік концертпен аяқталды

Мереке құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/990944?lang=kk