Алматыда «Метрополитен» қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселесі талқыланды

Алматыда «Метрополитен» қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселесі талқыланды

09.05.2025 14:42:17 66

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету аясында Алматы қаласы әкімдігінің «Метрополитен» ШЖҚ КМК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті, Алматы қаласының Қалалық мобильділік басқармасы, сондай-ақ «Метрополитен» ШЖҚ КМК басшылығы мен ұжымы қатысты.

Кездесу барысында бұрын анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібімен енгізілген ұсыныс қаралды.

Аталған тәуекелдерді жою мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан «Метрополитен» ШЖҚ КМК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған ұсыныстар енгізілді.

Атап айтқанда, ҚР Үкіметіне «Қалалық рельстік көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу бойынша ұсыныс енгізу, мемлекеттік сатып алулар саласындағы «Метрополитен» қызметіне ведомстволық бақылауды күшейту, қалалық рельстік көлік құралдарының қосалқы бөлшектерінің қауіпсіздігін зерттеу әдістемесін әзірлеу мәселесін қарастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізу ұсынылды.

Кеңес соңында қатысушыларға қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жеткізілді.

Сонымен қатар, Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы негізінде «Метрополитен» ШЖҚ КМК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою шаралары туралы, оның ішінде ҚР Үкіметіне қалалық рельстік көлік саласында жеке заң жобасын әзірлеу не «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңына жеке тарау енгізу жөніндегі ұсынысты енгізу мәселесін пысықтау бойынша түсініктемелер берді.

 

# Заң_мен_жоғары тәртіп

# Заң мен тәртіп

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/990980?lang=kk