Қазақстан СІМ басшысы Қытай Елшісімен екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібін талқылады

Қазақстан СІМ басшысы Қытай Елшісімен екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібін талқылады

18.09.2026 09:46:40 183

Астана, 2026 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлиньді қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қытай мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестігінің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазіргі ахуалы мен одан әрі даму перспективаларын талқылады.

Биыл екі ел арасындағы саяси диалогтың бұрын-соңды болмаған серпінін атап өтіп, сұхбаттасушылар Қазақстан мен Қытай көшбасшыларының тұрақты кездесулері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.

Сондай-ақ тараптар алдағы биік және жоғары деңгейлердегі екіжақты және көпжақты іс-шаралардың кестесін, сондай-ақ көпжақты және өңірлік алаңдардағы күш-жігерді үйлестіру мәселелері қарастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1293891?lang=ru