Костанайда «SENAT OPEN» II Ашық Кубогының іріктеу турнирі өтті

Костанайда «SENAT OPEN» II Ашық Кубогының іріктеу турнирі өтті

09.05.2025 16:43:28 66

4 мамыр күні Костанай қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен және Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастыруымен «SENAT OPEN» II Ашық Кубогының іріктеу турнирі өтті.

Бұл турнир елімізде шахматты дәріптеу мақсатында екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Биылғы турнир рекордтық көрсеткішпен ерекшеленді – іріктеу кезеңіне еліміздің түкпір-түкпірінен 35 депутат қатысып, оның ішінде 9 маслихат төрағасы бақ сынады.

Рудный қаласынан турнирге келесі қатысушылар қатысты:
- Рудный қалалық мәслихатының депутаты – Руслан Уразалин
- Рудный қалалық мәслихатының депутаты – Игорь Шишов
- Рудный қалалық мәслихаты аппаратының жетекшісі – Дана Калеева
- Қоғамдық кеңес мүшесі – Антон Боков
- Мәслихаттың экс-депутаты – Аманжол Сагнаев

Жарыс қорытындысы бойынша Руслан Уразалин күміс жүлдеге ие болып, «SENAT OPEN» жартылай финалына жолдама алды. Ол Көкшетау қаласында өтетін келесі кезеңде еліміздің 25 үздік шахматшысының қатарында өнер көрсететін болады. Айта кетейік, өткен жылы Руслан облыс бойынша бірінші орын алып, жартылай финалдың үздік ондығына енген болатын.

Депутатымызға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-rudnyy/press/news/details/991194?lang=kk