Загребте Қазақстан Елшісінің Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Вице-Президентімен кездесуі өтті

Загребте Қазақстан Елшісінің Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Вице-Президентімен кездесуі өтті

09.05.2025 16:54:09 44

Загреб, 2025 ж. 7 мамыр – Қазақстан Елшісі Дәулет Батрашев Хорватия Парламентінде Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) Вице-Президенті - Хорватия делегациясының басшысы Марко Павичпен кездесу өткізді. Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде бірқатар бірлескен іс-шаралар мен сапарларды, Қазақстан мен Хорватияның экономикалық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылын, сондай-ақ екі ел парламенттерінің ынтымақтастығын жандандыру жөніндегі қадамдарды талқылады.

Д.Батрашев М.Павичті Мемлекет басшысының бастамасымен адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы кешенді реформалармен, сондай-ақ өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу жөніндегі қазақстандық тәсілдермен таныстырды.

ҚР мен Хорватияның жалпыеуропалық тректегі мәселелеріне, сондай-ақ Қазақстанның Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясымен,  қоса алғанда демократиялық қағидаттарды ілгерілету мәселелерінде өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда тараптар еуропалық институттармен сындарлы диалогты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.

Осы тұрғыда депутат М.Павич Қазақстанда соңғы уақытта жүргізіліп жатқан оң өзгерістерді құптап, Хорват тарапының Қазақстанның бастамаларын еуропалық деңгейде қолдауға және елде болып жатқан процестер туралы объективті ақпаратты ілгерілетуге жәрдемдесуге дайындығын растады.

Сұхбаттасушылар Еуропа Кеңесінің «2024-2027 жылдарға арналған көршілік саясаты шеңберінде Қазақстанмен ынтымақтастықтың басымдықтары» бағдарламасы табысты іске бағдарламасын жүзеге асыруға жан жақты ықпал етуге келісті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан, Еуропалық Одақ және Хорватия арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастығы тек жоғары бағыт бойынша дамитындығы туралы міндеттеме расталды. Парламентаралық диалогты қолдау және екі ел парламенттерінің іскерлік, мәдени және білім беру байланыстарын жандандыруға жәрдемдесу туралы қағидатты уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-zagreb/press/news/details/991225?lang=kk