Қазақстан инвесторларға арналған «алтын визаны» (А6 санаты) іске қосуда
09.05.2025 18:54:48 99
Қазақстандық компаниялардың жарғылық капиталына немесе жергілікті бағалы қағаздарға кемінде 300 000 АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған шетел азаматтары енді А6 санатындағы инвесторлық визаны рәсімдей алады. Бұл виза оларға 10 жылға дейінгі тұруға ықтиярхат алуға мүмкіндік береді.
Виза электронды өтінім арқылы ресімделіп, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы көші-қон қызметінен шақыру негізінде беріледі.
Жаңа бағдарлама шетелдік инвесторлар үшін тұрақты және қауіпсіз орта қалыптастырып, Қазақстанды халықаралық бизнесте ашық әрі сенімді серіктес ретінде нығайтады.
#Инвестициялар #Қазақстан #АлтынВиза#KazakhstanInvestment
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/991464?lang=kk