Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

09.05.2025 18:54:50 66
  1. «Алматы облысы Алатау қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі 2025 жылғы 16_ мамыр күні сағат 15:00-де, Алатау қаласы, Қоянқұс шағын ауданы Бауыржан Момышұлы көшесі 157/1 № 202 кабинетте жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.

  2. Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттерi (маршруттар) шығарылады:

№ 1 ЛОТ:

  • «Жетыген-Жаңалық-Байсерке-Өтеген батыр-Ынтымақ-Жанадәуір-Жаңаталап-Қоянқұс»

  • «Қоянқұс-Ынтымақ-Гейт Сити-Өтеген батыр-Байсерке-Жаңалық-Жетыген»

№ 2 ЛОТ:

  • «Құйған-Еңбек-Жетыген-Жаңаарна»

  • «Жаңаарна-Жетыген-Еңбек-Құйған»

  1. Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.

  2. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Алматы облысы Алатау қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Алатау қаласы, Қоянқұс шағын ауданы, Бауыржан Момышұлы көшесі 157/1 №202 кабинетіне мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.

  3. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2025 жылғы   08 мамырдың, сағат 18:30-ы.

  4. 2025  жылғы 13 мамыр конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.

  5. Анықтама алу үшiн телефондар: 8 776 131 13 11/ 8707-02-02-066.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-alatau/press/news/details/991455?lang=kk