Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс - ерлік пен даңқтың мәңгілік мұрасы» атты кең көлемді апталық кітап көрмесі өтті
12.05.2025 01:51:13 275
Бүгін,8 мамыр күні Сәкен Сейфцллин атындағы орталық кітапханасында 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс - ерлік пен даңқтың мәңгілік мұрасы» атты кең көлемді апталық кітап көрмесі өтті.
Көрменің мақсаты – келешек ұрпаққа Жеңіс күнінің тарихи маңызын жеткізу, соғыс жылдарындағы халықтың жанқиярлық ерлігі мен отансүйгіштік рухын насихаттау, сондай-ақ Отан үшін жанын қиған жауынгерлердің есімін ұлықтап, олардың ерліктерін ұмытпай, мәңгі есте сақтау.
Көрмеге Талдықорған қаласының №13орта мектеп, №17 орта мектеп, Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп оқушылары мен "Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Алматы Облысының және Жетісу Облысының Мамандандырылған Күзет Қызметі Басқармасы" Мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, Кітапханашылар А.Жұмабекова, Қ.Садырбаева, А.Тұрсынханова оқушыларды кітап көрмесімен таныстырып, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның жағдайы туралы, соғыста ерлік көрсеткен жауынгерлердің ерен ерліктері мен соғысқа аттанып, елге оралмай із- түссіз кеткен Боздақтар жайлы сонымен қатар Соғыс Ардагерлері туралы мәліметберді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/991746?lang=kk