"KazAID" серіктестік және аймақтық жобалар департаментінің менеджері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

"KazAID" серіктестік және аймақтық жобалар департаментінің менеджері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

12.05.2025 03:20:55 176

"KazAID "Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" КЕАҚ серіктестік және аймақтық жобалар департаментінің менеджері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Функционалдық міндеттері:

-Тұрақты даму мақсаттары бойынша жобалардың дизайнын әзірлеу;

- жергілікті және шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу;

- жобаларды сүйемелдеу, бақылау, іске асырылуын мониторингілеу және жобалардың нәтижелеріне бағалау жүргізу;

- қажетті жобалық құжаттаманы дайындау;

-  серіктес елдердегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және шетелдік мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау.


Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- Экономикадағы, халықаралық қатынастардағы, бизнес-басқарудағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (басқа мамандықтар да қарастырылуы мүмкін), магистратура артықшылықта.

- Жұмыс тәжірибесі - 2 жыл.

- Жобаларды басқарудағы тәжірибе міндетті болып табылады.

- Жобалар бюджетімен жұмыс істеу дағдылары мен мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесі құпталады.
- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу міндетті.

- Шет тілдерін білу құпталады.
 
Үміткерлерден түйіндемені қабылдаудың соңғы мерзімі - 2025 жылғы 20 мамыр.
Түйіндеме электрондық мекенжайға жіберіледі – office@kazaid.kz

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/991930?lang=kk