Тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтау

Тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтау

12.05.2025 04:12:10 187

Жеңіс күні қарсаңында Үлкен Нарын ауданы мәслихатының төрағасы Сыдыкова Жанар Данелхановна тыл еңбеккері, алтын құрсақты анамыз Абишева Шарбан апамызға арнайы барып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған медальды табыс етіп, мерекемен құттықтады.
Апамыз өз кезегінде ақ батасын беріп, баршамызға бейбіт өмір тіледі.

Сонымен қатар, ақ жаулықты аналарымыз, “Соғыс кезіндегі балалар” болған Балғын ауылының тұрғындары Қалиева Батима, Китакпаева Нурбағди, Беисекина Нұрсақ, Қалиева Жамкөш, Камиясова Сара, Журтпаева Каскен, Ережепова Нурзағила, Кадыргожина Кулзада, Слямова Бағжамал атты ақ жаулықты аналарымызды Ұлы мерекемен құттықтап, көтеріңкі көңіл күй сыйлап қайтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/992010?lang=kk