9 Мамыр – Жеңіс күні

9 Мамыр – Жеңіс күні

12.05.2025 09:10:49 187

Құрметті Рудный қаласының тұрғындары!

Сіздерді 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күнінің 80 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

Әрқайсымыз үшін бұл қасиетті күн - Отанымыздың бостандығы мен тәуелсізідігі үшін күрескендердің батырлығын, рухтың беріктігін және қажырлы ерік-жігерін білдіреді. Біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, соғыс балаларының ерлігі және Жеңісті жанқиярлықпен жақындатқан барша азаматтардың алдында шынайы құрметіміз бен ризашылығымды білдіре отырып, тағзым етеміз.

Сіздердің ерліктеріңіз туралы естелік - қасиетті. Ол біздің жүрегімізде өмір сүреді, ұрпақтан ұрпаққа аманат болып жетеді және жастар үшін өнегелі бағдарға айналады. Сіздердің арқаларыңызда біз бейбіт аспан астында өмір сүріп, балаларды өсіріп, жарқын болашақты құрудамыз.

Ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жақындарының қамқорлығы мен ықыласын тілейміз, ал барша қала тұрғындарына – бейбіт өмір, амандық және біздің даңқты өткеніміз үшін мақтаныш тілейміз!

 

Құрметпен,

Рудный қалалық мәслихатының төрағасы Азамат Искаков

Рудный қалалық мәслихатының депутаттары

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-rudnyy/press/news/details/992592?lang=kk