Аудан әкімі Яхия Тасыровты Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Аудан әкімі Яхия Тасыровты Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

12.05.2025 23:33:50 66

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының Құрметі азаматы, 103 жастағы Яхия Тасыровтың шаңырағына арнайы барып, Жеңістің 80 жылдығымен мерекелік құттықтауын жеткізді. Дәстүрге сай ардагердің иығына шапан жауып, сый-сияпат көрсетті.
Аудан басшысымен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов бірге барып, мерекелік лебіздерін жеткізді.
Кездесу барысында аудан басшысы ардагердің ерлігін ерекше атап өтіп, өскелең ұрпаққа үлгі екенін айтты. Ардагер өз кезегінде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан құрметке алғысын білдірді. Сондай-ақ, құрмет төріндегі ақсақал өз естеліктерімен бөлісіп, ақ батасын берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/993199?lang=kk