Қадірлі жерлестер!

Қадірлі жерлестер!

18.05.2025 22:27:35 6330
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын!
 
🔹Бірлік пен татулықты ту етіп, бір шаңырақ астына ұлт пен ұлыстардың ынтымағын ұйыстырған бұл мерекенің әрбіріміз үшін алар орны айрықша. Кең байтақ елімізде күн кешкен түрлі этнос өкілдерінің ынтымақ-бірлігіне ұйытқы болып келеді. Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістігіміз де барлық ұлттың біртұтас ел ретіндегі әлеуеті мен мызғымас достығымыздың нәтижесінде еселенді.
 
🔹Түркістан әрдайым бірлік пен ынтымақтың символы болған. Түркі әлемінің орталығында халқымыз бірлікті ту етіп, жаңа белестерді бағындырып келеді. Түркістан өңірінде 50-ден аса этнос өкілдері бар. Соған сай 11 облыстық этномәдени бірлестік, 6 құрылым жұмыс істейді. Әрбір аудан, қаладағы тілдерді оқыту орталығында үш тілді оқыту мүмкіндігі бар. Өңірдегі этнос өкілдерінің 92 пайызы мемлекеттік тілді жетік біледі, құрмет тұтады.
 
🔹Осындай айтулы мерекеде өздеріңізге мықты денсаулық, отбасыңызға бақыт, қызметте абырой мен шығармашылық табыс тілеймін! Тәңірдің тәтті сыйы – Тәуелсіздіктің ғұмыры мәңгі, мәнді, Бірлігіміз бекем болсын! Еліміз көркейіп, дами берсін!
 
Ізгі ниетпен,
Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/989345?lang=kk