Түркістан облысында радикалды діни ағымдарға жол жоқ

Түркістан облысында радикалды діни ағымдарға жол жоқ

18.05.2025 22:27:37 8095

Түркістан облысы Терроризмге қарсы комиссиясының үйлестіруімен және Дін істері басқармасымен біргелікте Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлеріне радикалды діни ағымдардың алдын алу және кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалынатын қылмыс пен құқық бұзушылықты, оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша мекеме қызметкерлері және жауапты басшылармен кездесу өтті.

Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Ғ.Өгембай қатысты.

Әкімдік аппаратының қызметкерлерін қамтыған кездесуде қазіргі таңдағы өзекті болып жатқан діни экстремизм мен терроризм мәселесі жайлы сөз өрбіді.

Орталықтың теолог маманы Ғ.Өгембай радикалды ағымдардың қоғам ішіндегі тұрақтылықты бұзып, ішкі және сыртқы ортаға өз қауіптерін тигізіп жатқаны туралы кеңінен ақпарат берілді.

Спикерлер қызметкерлерге жат идеологияның өкілдері ғаламтор арқылы азаматтарды өздеріне тартып, жалған діни ақпаратпен бөлісіп, азаматтық құқықтарына нұқсан келтіріп жатқаны жеткізілді.

Іс-шара барысында дінге қатысты күрделі сұрақтар мен сауалдар бойынша тек ресми түрде ақпарат таратушы діни сайттар мен арнайы мамандардан кеңес алу қажет екендігі айтылды.

Жиынға қатысқан мекеме қызметкерлері оң пікірін білдіріп, тәрбиелік мағыналы жиын болғанын атап өтті.

Жиын барысында барлық сұрақтарға спикерлер тарапынан мардымды жауаптар берілді.

 

Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК

аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/989339?lang=kk