ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АППАРАТ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АППАРАТ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

18.05.2025 22:28:34 11825
 
✅Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан активінің отырысы өтті. Жиналысқа төрағалық еткен аудан басшысы Еркеғали Әлімқұлов жаңа аппарат басшысын таныстырды.
📌Аудан әкімі аппаратының басшысы қызметіне Өміртай Амалбек Дәркенұлы тағайындалды.
Амалбек Дәркенұлы 1994 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 2015 жылы Қазақ ұлттық университетін әлемдік экономика мамандығы бойынша бакалавр дәрежесінде, 2017 жылы магистратура дәрежесінде бітірген.
✅ Еңбек жолын «Петро Қазақстан» АҚ –ның кадр және құжат айналымы бойынша инспектор болып бастаған. ҚР Ұлттық экономика министрлігінде, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде директордың орынбасары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, ұстаздық еткен. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Түркістан» АҚ-ның «Turkistan Invest» филиалында, Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының басшысы, Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК директорының орынбасары қызметін атқарған. Түркістан облысы мәслихатының VII шақырылым депутаты.
🔹Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы аппарат басшысының қызметіне сәттілік тілеп, ауданның өркендеуі мен қоғамдық саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету, түйінді мәселелерді анықтап, шешу жолдары жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырды.
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/988380?lang=kk