Ұлттық кітап күніне орай Ақтөбе облысы деңгейінде кең ауқымды мәдени-білім беру іс-шарасы ұйымдастырылды
18.05.2025 22:30:29 6844
23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Ақтөбе облысы деңгейінде кең ауқымды мәдени-білім беру іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – кітаптың қоғамдағы рөлін насихаттап, оқырман мәдениетін дамыту, жастардың білімге деген құштарлығын арттыру болды.
Іс-шараға Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері де белсенді түрде қатысты. Олар арнайы ұйымдастырылған викторинаға қатысып, өз білімдерін сынап, түрлі сұрақтарға жауап беріп, жүлделі сыйлықтарға ие болды.
Сонымен қатар, жас қызметкерлерге рухани азық болсын деген ниетпен көркем және танымдық бағыттағы кітаптар сыйға тартылды. Бұл бастама жас мамандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқуға деген ынтасын оятуға бағытталған.
Іс-шара аясында ҚАЖ департаменті өкілдері жергілікті «Ақтөбе» телеарнасына арнайы сұхбат беріп, осындай мәдени шаралардың маңыздылығы мен кітаптың адамзат өркениетіндегі орны туралы өз ойларымен бөлісті.
- Ұлттық кітап күніне арналған бұл шара қызметкерлердің рухани байып, интеллектуалды дамуына өз үлесін қосты. ҚАЖ департаменті осындай игі бастамаларға алдағы уақытта да белсенді түрде атсалысады, - деді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті кадр және тәрбие жұмысы бөлімшесінің бастығы әділет подполковнигі Нуртазин Сабржан Бибитович.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/983773?lang=kk