Ұлттық кітап күні

Ұлттық кітап күні

18.05.2025 22:31:03 11983

    Былтыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда құрылтай мүшелерінің Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы бастамасын қолдап, оқуға деген құштарлық – қоғамның дамуына ықпал ететін маңызды құндылықтардың бірі екенін атап өткен. Осы мақсатта Үкіметтің 2024 жылғы 29 маусымдағы Қаулысының негізінде Қазақстанда жаңа мереке – 23 сәуірде алғаш рет атап өтілетін Ұлттық кітап күні пайда болды. Осынау атаулы мереке халық арасында кітап оқуды насихаттауға септігін тигізеді. Бұл – қоғамның, соның ішінде жастардың мәдени, рухани жетілуіне жасалған маңызды қадам. 23 сәуірде ауданның білім беру ұйымдарында Ұлттық кітап күніне орайластырылған іс-шаралар ауданның кітап мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретініне сенеміз. Бұл мерекенің аясында өткізілетін байқаулар, фестивальдер мен көрмелер қоғамның кітапқа деген қызығушылығын арттыруы тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/982071?lang=kk