ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

18.05.2025 22:31:13 11

Шымкент қаласында әлеуметтік шиеленістердің алдын алу мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында қоғамдық қабылдаулар өткізілді.
Аталған жоба шеңберінде Шымкент қаласының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 22 сәуір күні сағат 11.00-де Еңбекші ауданы, Базарқақпа тұрғын алабында орналасқан №104 мектепте «Конфессияаралық келісім» кіші топтың ауыл тұрғындарды 11.00-13.00 дейін қабылдауы өткізілді.
Осыған орай, Базарқақпа, Сайрам елді мекендердің тұрғындарының қойылған сұрақтарына толыққанды жауап берілді. Келген қауым берілген жауаптарға толығымен қанағаттандырылып, атқарылып жатқан жұмыстарысмызға табыс тіледі.
Этносаралық, конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту, этноәлеуметтік қақтығыстардың алдын алу мақсатында құрылған кіші жұмыс тобының мүшелері: Шымкент қаласы дін істері басқармасының ақпараттық-түсіндіру жұмысын үйлестіру бөлімінің бас маманы Қ. Шукен, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің заң факультеті, Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық кафедра меңгерушісі – Е. Бекбосынов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры, теолог А. Уралбаев және 5 аудандық бас имамдар: Е. Есенгельдиев, Е. Орын, Б. Жәміш, Е. Қалшабеков, Е. Бекбауов.
Бүгінгі таңда, елдімекендерде діни ахуал тұрақты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-din/press/news/details/982212?lang=kk