ШЫМКЕНТТЕ АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
18.05.2025 22:31:43 10698
Шымкент қаласының білім басқармасы жанынан құрылған аттестациялық комиссияның алғашқы отырысы өтті.
Жиынға басқарма басшысы Гүлназ Төрәліқызы Сүлейменова қатысып, аттестациялаудың жаңа форматы, енгізілген өзгерістер және “USTAZ” платформасы арқылы өтетін үдеріс туралы кеңінен баяндады.
Кездесу барысында комиссия төрағасы болып Шолпан Сапарбайқызы Айтбаева сайланды.
Аттестациялық комиссияның басты мақсаты — білім беру ұйымдарындағы педагогтер мен басшылық құрамды әділ және ашық түрде бағалау, біліктілік санаттарын беру.
Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді басшы немесе орынбасар лауазымына тағайындалған тұлғаларға арнайы талаптар аясында аттестаттаусыз біліктілік санаты беріледі. Бұл норма көшбасшылық даярлық бағдарламаларынан өткен, кадр резервіндегі және мемлекеттік қызмет өтілі бар мамандарға қатысты.
Отырыста осы талаптар бойынша келіп түскен 11 өтініш мақұлданып, үміткерлерге тиісті біліктілік санаттары берілді.
Бұл шешім – басқарушы кадрлардың кәсіби дамуына жол ашатын маңызды бастама.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/981604?lang=kk