Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!
18.05.2025 22:32:09 12101
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы 2025 жылғы 25 сәуір күні сағат 11:00 де Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін назарларыңызға саламын.
Мекен-жайы : Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі №28 ғимарат, Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залы. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 25 сәуір күні сағат 10:30 дан бастап жүргізіледі.
Сессияның қарауына мына мәселе ұсынылады:
1)Түркістан қалалық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №27/115-VIII «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2)Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.
Келіп түсуіне байланысты басқа мәселелер қаралуы мүмкін.Сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясының онлайн-трансляциясы «Facebook» әлеуметтік желісінде жүргізілетін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-city/press/news/details/980319?lang=kk