Халықаралық әйелдер күніне орай су саласының 21 маманы мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды

Халықаралық әйелдер күніне орай су саласының 21 маманы мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды

18.05.2025 22:38:43 671

Халықаралық әйелдер күніне орай су саласының 21 маманы мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының «Қазсушар» филиалы «Шу» өндірістік бөлімшесінің инженері Тілеукүл Әбдірайымоваға «Құрмет» орденін табыстады.
Президент атынан Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «Қазсушар» кәсіпорынының Қ.Сәтбаев атындағы канал филиалының Павлодар пайдалану басқармасының инженер-гидрологы Татьяна Авдееваға «Құрмет» орденіін табыстады. «Құрмет» орденімен Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас экономисі Цой Роза марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қазсушар» кәсіпорынының «Оңтүстікауызсу» филиалы өндірістік бөлімінің басшысы Әлия Құлжабаева және Батыс Қазақстан филиалы «Камен» өндірістік учаскесінің зертхана меңгерушісі Светлана Түменова марапатталды.
Бұдан бөлек, 4 қызметкер «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен, 12 маман Құрмет грамотасы және Алғыс хатпен марапатталды.
Қазақстанда су саласында екі жарым мыңға жуық әйел жұмыс істейді. Оның ішінде 2258 адам «Қазсушар» кәсіпорнында, 142 маман Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Комитеттерде және 119 әйел бассейндік инспекцияларда қызмет атқарады.
«Су саласында еңбек етіп жүрген барша аруларымызды «Халықаралық әйелдер күнімен» шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге қажырлы және адал еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Қызметте де, жеке өмірде де мол табыс, зор денсаулық және бақыт тілеймін. Еліміздің су ресурстарын сақтау және қорғау бағытындағы ортақ мақсатқа сіздердің білім-тәжірибелеріңіз, күш-жігерсіз қол жеткізу мүмкін емес. Дәл осы ажарлы күнде гүлдей жайнап, ерекше құлпырып жүре беріңіздер. Отбасында жылылық пен махаббат ұялап, жақын адамдарыңыз әрдайым жаныңызда болсын», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/953193