ҚР Көлік министрі мен Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николя Ралло арасында кездесу өтті
18.05.2025 22:38:51 605
Кездесу барысында тараптар саланы дамытудың негізгі мәселелерін, атап айтқанда ұлттық жоспарда көзделген бірлескен СО2 шығарындыларын азайту және тұрақты авиациялық отынға (SAF) біртіндеп көшу жөніндегі шараларды іске асыруды, сондай-ақ азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін жоспарлау және дамыту жөніндегі бас-жоспарды әзірлеуді талқылады.
EUR/NAT ИКАО бюросының басшысы Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін және халықаралық стандарттарды іске асырудағы жұмысын ерекше атап өтті. Ол сондай-ақ бірлескен бастамалар мен бағдарламалар аясында ИКАО одан әрі қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/951791