Қазақстан мен Финляндия көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
18.05.2025 22:39:02 638
2025 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Янне Хейсканенмен кездесті.
Тараптар көлікті декарбонизациялау және экологиялық таза технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі фин бизнес өкілдері делигациясының алдағы уақытта Ақтауға іс-сапары туралы айтты. Іс-сапар аясында Ақтау мен Құрық порттарын аралап, нысандардың жұмысымен танысу жоспарланған. Сапардың мақсаты — теңіз тасымалы саласында ынтымақтастықты одан әрі дамыту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/951572