ҚР VI жастар спорттық ойындары: Едіге Емберді күміс жүлдегер атанды
18.05.2025 22:39:24 385
ҚР VI жастар спорттық ойындарында елордалық Едіге Емберді күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Алматы қаласында ауыр атлетикадан VI Жастар спорттық ойындары басталды. Төрт жылда бір рет өтетін бұл ауқымды жарысқа еліміздің 17 өңірінен 212 спортшы қатысуда.
Астана қаласының намысын қорғаған Едіге Емберді 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 334 кг (149+185) көтеріп, күміс жүлдеге ие болды.
Жастар спорттық ойындарында елордалық тағы бір спортшы жарыс жолына шығады.
Айта кетейік, VI Жастар спорттық ойындары 6 наурызға дейін жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/950406