Шығыс Қазақстан облысында WorldSkills, AgroSkills және Abilympics чемпионаттары басталды!

Шығыс Қазақстан облысында WorldSkills, AgroSkills және Abilympics чемпионаттары басталды!

18.05.2025 23:09:41 165

2025 жылы 12 мамырда  Шығыс Қазақстан облысында өңірлік чемпионаттардың салтанатты ашылуы өтті. Шараға қоғамдық, білім беру және бизнес өкілдері, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар қатысты. 

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев өз сөзінде 2025 жылды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағанын атап өтті.

Ол ел экономикасының тұрақты дамуы үшін жоғары білікті мамандардың аса маңызды екенін және осындай чемпионаттар жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттауға үлкен үлес қосатынына сенім білдірді. 

13-15 мамыр аралығында 28 колледжден 170-ке жуық студент Өскемен қаласындағы Құзыреттілік орталықтары мен жетекші колледждерде өз шеберліктерін көрсетеді. Қатысушылардың жұмыстарын өңірдегі кәсіпорындардың білікті мамандары бағалайды, бұл бағалаудың объективтілігі мен жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Шығыс Қазақстан облысы әкімінің және чемпионат демеушілерінің атынан бағалы сыйлықтар табысталады. 

Барша қатысушыларға сәттілік пен табыс тілейміз! Ең мықты, өз ісінің шеберлері жеңіске жетсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/994028?lang=kk