Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Оңтүстік Америка елдерінің елшілері мен дипломаттарының 4-ші жыл сайынғы кездесуі өтті

Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Оңтүстік Америка елдерінің елшілері мен дипломаттарының 4-ші жыл сайынғы кездесуі өтті

18.05.2025 23:09:46 341

Бразилиа, 2025 жылғы 12 мамыр – Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінде БФР СІМ-де ҚР-ға жауапты департамент басшылығының қатысуымен Қазақстан, Аргентина, Боливия, Колумбия, Парагвай, Перу, Уругвай, Чили және Эквадор елшілері мен дипломаттарының төртінші жыл сайынғы конференциясы өтті.

Аталған кездесу барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде. жан-жақты пікір алмасу өтіп, болу және қарасты елдерімен ағымдағы жылғы ықпалдастық жоспарлары, атап айтқанда кезекті саяси консультацияларды ұйымдастыру мен шарт-құқықтық базаны кеңейту мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасының Елшісі Болат Нүсіпов, өзінің алғы сөзінде дипломатиялық миссия басшылары мен өкілдеріне Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауы тұрғысындағы елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жайында баяндап берді. Сонымен бірге Елші, қатысушыларға Қазақстанның инвестициялық және сауда-экономикалық мүмкіндіктері, сондай-ақ шарт-құқықтық базаны кеңейту перспективалары және консулдық қызметтер мен ҚР-дың Құрметті консулдары желісі бойынша ынтымақтастық жөнінде айтып өтті.

Қазақ дипломаты әріптестеріне Оңтүстік Америка елдерімен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, мұндай форматтағы кездесулердің екіжақты және көпжақты диалогтың қосымша арнасы ретінде іс жүзіндегі маңызын атап өтті.

Бұл ретте, Елші Президент Я.Орсиді ұлықтау рәсіміне қатысу үшін жуырда Уругвай Шығыс Республикасына және Аргентинаның жаңа СІМ басшылығымен кездесу және Қазақстан-Аргентина Іскерлік кеңесін құру туралы Меморандумға қол қою рәсіміне қатысу үшін Аргентина Республикасына жасаған өзінің жұмыс сапарларының қорытындыларымен бөлісті. Осы орайда Уругвай және Аргентина елшіліктерінің өкілдеріне аталған елдердің астаналарында тиісті кездесулерді ұйымдастыруға жәрдемдескені үшін алғыс білдірілді.

Сондай-ақ Елші, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, өткен және осы жылы Аргентина Парламентінің төменгі палатасында және Чили Парламентінің жоғарғы палатасында парламенттік достық топтарының құрылғанын атап өтіп, басқа елдердің өкілдерін өз мемлекеттерінің заң шығарушы органдарында осындай құрылымдарды құруда қолғабыс көрсетуге шақырды. Парламентаралық диалогтың оң мысалы ретінде Бразилия Парламентінің қос палатасында жұмыс істейтін «Қазақстан-Бразилия» парламенттік топтарының қызметі сөз етіліп, олардың делегацияларының Қазақстанға барып, Астанада Қазақстандық парламентшілермен бірнеше бірлескен отырыс өткізгеніне назар аударылды.

Кездесу қатысушылары, өз кезегінде, Орталық Азия өңірінде Оңтүстік Америка елдерімен байланыстардағы Қазақстанның негізгі рөлін атап өтіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық диалогты жан-жақты кеңейту мен тереңдетуге белсенді жәрдемдесуге әзірліктерін білдірді және Қазақстан Елшілігіне алдағы жоспарларды іске асыруда табыс тіледі. Тараптар, өз елдерінің дипломатиялық өкілдіктері деңгейінде тұрақты жұмыс байланыстарын сақтап тұруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/994016?lang=kk