«Бір ел – бір кітап – 2025» акциясы аясында жылжымалы кітап көрмесі өтті
19.05.2025 09:01:04 319Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізіліп келе жатқан үлкен жоба.
Республикалық акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру.
2007 жылы Ұлы Абайдың қарасөзін оқудан бастаған акция бүгінде қазақ әдебиетінің ең таңдаулы 51 классик ақын-жазушысының үздік шығармаларын оқырман қауымға ұсынып, насихаттап келеді. Жобаны жалғастыру мақсатында 12 мамыр күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен №1 Абай атындағы орта-мектеп лицейінің фойесінде «Бір ел – бір кітап – 2025» акциясы аясында жылжымалы кітап көрмесі өтті. Мектеп оқушылары кітап көрмесін тамашалап, өз ойларымен бөлісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/994341?lang=kk