Жанна тоқиды, сурет те салады және сылақ жұмысын да жақсы біледі!
19.05.2025 10:11:16 352
Қарағандыда есту, көру және тірек-қимыл аппараты зақымданған адамдар арасында сегізінші рет облыстық спартакиада өтуде. Біріншілік аясында жеңіл атлетиканың жекелеген түрлері: үстел теннисінен, шағын футболдан, дойбыдан және тоғызқұмалақтан жарыстар өтеді. Республикалық спартакиадаға жолдама алу үшін және жеңу үшін облысымыздың қалалары мен аудандарынан 180-нен астам ерекше спортшы күресетін болады.
Олардың қатарында теміртаулық Жанна Бакенова да бар. Ол жеңіл атлетика түрінен, яғни ядро лақтырудан, арбамен 100 және 200 шақырымға жарысады. Және де мұның бәрі реампутация отасынан кейін!
- Мен спартакиадаға алтыншы рет қатысып отырмын. Ядро лақтырудан жүлдегер болдым, арманым- бірінші болу! Менің мақсатым айқын және кедергілерге жол жоқ, - деп, ерекше әйел өз ұранын айтты.
Жанна жалғыз өзі екі баланы тәрбиелеп отыр, сонымен бірге бимен, спортпен айналысады, шығармашылық үйірмеде тоқумен, сурет салумен және мүсін жасаумен айналысады. Сондай-ақ, қазір ол ата-анасынан айырылған және үлкен ағасының қамқорлығында қалған балалардың пәтерін тегін жөндейтін еріктілер ұйымының құрамында.
- Мен сылақ сылау, кафель қалау жұмыстарын да істеймін- деді, Жанна. Біз оған, Спартакиаданың барлық қатысушыларына, сол сияқты өздерінің күштілігімен, ерік-жігерімен және сенімділігімен таң қалдыратын таңғажайып адамдарға шын жүректен жеңіс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/994483?lang=kk