Сербия өкілдері Астана-2025 Халықаралық форумына қатысады

Сербия өкілдері Астана-2025 Халықаралық форумына қатысады

19.05.2025 13:30:51 88

Белград, 2025 жылғы 13 мамыр – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербияның Ішкі және сыртқы сауда министрі Ягода Лазаревичпен кездесті.

Кездесу барысында қазақ дипломаты ресми Астана мен Белград арасындағы белсенді диалогты қолдау аясында серб тарапының ірі өңірлік саяси-экономикалық форумға қатысуының маңыздылығын атап өтіп, министрді Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, екі ел арасындағы сауданың қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға ресми сапары (2024 жылғы 19-20 қараша) барысында атап өтілген тауар айналымын арттыру және әртараптандыру туралы келісімдерді жүзеге асыру қажеттігі баса айтылды.

Я.Лазаревич Астанада өтетін форумға қатысатынын растады. Сонымен бірге, серб министрі өз ведомствосының Қазақстан компанияларымен сауда байланыстарын дамыту және жеңілдету бойынша жұмысты жалғастыруға дайын және мүдделі екенін білдірді.

Бұған қоса, серб тарапы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Сербия үкіметаралық комиссиясының алдағы 4-ші отырысының күн тәртібін сапалы әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/994836?lang=kk