Есірткі қылмысы үшін құқықтық салдарлар

Есірткі қылмысы үшін құқықтық салдарлар

19.05.2025 16:01:28 297

Қазақстанда жастар арасында нашақорлық мәселесі барған сайын өткір бола түсуде, ал есірткінің таралу ауқымы мен халықты оған тәуелді ету деңгейі қауіпті сипатқа ие болуда.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті жұмысының негізгі бағыттарының бірі есірткі қылмысына қарсы күрес және нашақорлықтың алдын алу болып қала береді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық проблемасының өзектілігін ескере отырып, ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ ШҚО ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкері полиция майоры Сағатбек Қуатбекұлы Малтугеловпен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасында «Есірткі қылмысы үшін құқықтық салдарлар» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді.

Сағатбек Қуатбекұлы өз бөлімшесінің басым міндеттері мен жұмыс бағыттары туралы, есірткі қылмыстары үшін қандай жаңалықтар күшіне енгені туралы, оны алғаш рет жасаған есірткі салушылар үшін жазаны жеңілдету жағына қарай заңды қайта қарау туралы айтып, біздің облыста жиі кездесетін есірткі құқық бұзушылықтар бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің баптарын түсіндіруге тоқталды. есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік неше жастан басталатынын, және біздің облыста 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қалай өтетінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/995123?lang=kk