Кеше Тәуелсіздік көшесіндегі № 45-47 үйлердің тұрғындарымен кездесу өтті
19.05.2025 18:32:39 242
Кеше қала әкімі Б.Абдралиевтың Тәуелсіздік көшесіндегі 45-47 үйлердің тұрғындарымен кездесуі өтті, оның барысында тараптар – тұрғындар мен коммуналдық қызметтердің инженерлік желілерді пайдалану мен күтіп ұстауға қатысты міндеттері түсіндірілді, сонымен қатар ауланы абаттандыру жоспарлары талқыланды.
Атап айтқанда, ауланы абаттандыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Мен оны жақсартуға бағытталған жоспарлармен бөлістім. Бұл жұмыстар тұрғындар үшін жайлы, қауіпсіз және қолайлы орта құруға бағытталады. Үй маңындағы тазалық пен тәртіп — барлық тұрғындардың ортақ міндеті екенін еске салдым. Үй аумағының тазалығын сақтау, қоқысты рұқсат етілмеген орындарға тастамау және ортақ мүлікке ұқыпты қарау өте маңызды.
Кездесу соңында өсіп келе жатқан ұрпаққа бар нәрсеге ұқыпты қарап, олар үшін жасалып жатқан дүниелерді бағалай білуге тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/995381?lang=kk