Қонаев қаласында Халықаралық мейірбике күні аталып өтті
19.05.2025 19:41:03 198
Бүгін Қонаев қаласында Халықаралық мейірбике күні аталып өтті.
Салтанатты жиында Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Серікбаева Лейла Пернебайқызы мейірбикелерді кәсіби мерекесімен құттықтап, денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.
- Сіздерді 12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге әр науқасқа дер кезінде көмек көрсетіп, қамқорлық танытып, шыдамдылық пен мейірімділік көрсете білгеніңіз үшін денсаулық сақтау басқармасы атынан шын жүректен алғыс білдіремін.
Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, зор денсаулық, бақыт, кәсіби өсу және табыс тілеймін! - деді Лейла Пернебайқызы.
Салтанатты жиында Талғар аудандық орталық ауруханасың мейірбикесі Фарида Аскарова және Қарғалы ауылының «Аудандық ауруханасы» мейірбикесі Галия Темиргалиева «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасының мейірбикесі Раушан Омарбекова және Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының мейірбикесі Клара Есенова «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар мейірбикелер кәсіби мерекеге орай Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет граммотасымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Естеріңізге сала кетсек, бұл күнді мейірбике ісі қызметінің негізін қалаушылардың бірі Флоренс Найтингейлдің туған күнін атап өту үшін 1974 жылы Халықаралық мейірбике ісі кеңесі таңдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/995511?lang=kk