Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты депутаттық комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты депутаттық комиссияларының бірлескен отырысы өтті

19.05.2025 20:22:20 495

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:

1) Қостанай қаласының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы;

2) Қостанай қалалық төтенше жағдайлар басқармасымен қала аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы.

Қостанай қаласының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы мәселені қарау шеңберінде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабына сәйкес депутаттар – комиссия мүшелері Қостанай қаласының әкімі Жүндібаев Мараттың есебін тыңдады.

Сондай-ақ, Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Арман Испудинов депутаттар алдында 2024 жылға арналған қала бюджетінің негізгі көрсеткіштерінің орындалуы туралы баяндама жасады.

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Азамат Қожұқов пен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері де өз ақпараттарын ортаға салды.

Сонымен қатар, мәслихат уәкілеттік берген тұлға Дмитрий Павленко 2024 жылға арналған бюджет туралы қорытындыны ұсынды.

«Қостанай қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, қала аумағындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы туралы» күн тәртібіндегі екінші мәселесін «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қостанай қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы» РММ басшысы Аслан Махмұтов таныстырды.

Отырыстың қорытындысы бойынша комиссия мүшелері бірауыздан дауыс беріп, күн тәртібіндегі мәселелерді Қостанай қалалық мәслихатының кезекті оныншы сессиясының бекітуіне ұсынды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/995581?lang=kk